Бейжің шет тілдері университеті «қазақ тілі және елтану» мамандығы бойынша оқыта бастамақ
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың қыркүйек айында ҚХР-дағы жетекші оқу орындарының бірі - Бейжің шет тілдері университетінде «қазақ тілі және елтану» мамандығы бойынша 15 қытайлық студент оқытыла бастайды. Бұл туралы бүгін аталмыш ЖОО-да ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен аталмыш оқу орнының ректоры Пэн Лунның (Peng Long) қатысуымен «Қазақстан орталығын» ашу барысында белгілі болды.