Қазақстандық белгілі тіс дәрігері Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапты
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатында қаза тапқан Қазақстан азаматтарының есімін жариялады. Қаза тапқандар арасында стоматолог дәрігер Сәлима Жутаева да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
25 желтоқсанда Embraer ERJ-190 ұшағында болған алты Қазақстан азаматының есімдері ресми түрде жарияланды. Олардың арасында Маңғыстау облысының үш тұрғыны, астаналық әйел мен оның ұлы және Қостанай облысының тумасы Сәлима Жутаева бар.
Сәлима 29 жаста болған. Ол Қостанайда стоматолог болып жұмыс істеген. Сәлима Жутаева трагедиядан үш күн бұрын Instagram-парақшасында әзербайжан тілінде "Сен жаңбырдағы күн сияқтысың" деп жазба жариялаған.
Сәлима Жутаеваның парақшасында оның стоматолог екендігі және саяхаттауды ұнататыны жазылған. Сондай-ақ, оның өміріне байланысты Қостанай мен Грозный қалалары аталады. Қыздың парақшасында кәсіби қызметін көрсететін көптеген суреттер бар.
Жазылушылар қайтыс болған қыздың отбасы мен жақындарына көңіл айтып жатыр.
Сондай-ақ брифингіде Ақтауда апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының бортында болған барлық қазақстандықтың қаза тапқаны айтылды.
Еске салайық, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтаудан үш шақырым жерде апатқа ұшырады. Жолаушылар ұшағы қалың тұман салдарынан Грозныйға қона алмай, әуелі Махачкалаға, кейін Ақтауға бағытталған.
Апат себебіне қатысты бірнеше нұсқа айтылды. Бір нұсқа бойынша, апатқа ұшақ пен құстар тобының соқтығысуы себеп болған. Тағы бір БАҚ бортта оттегі багы жарылғанын хабарлады. Embraer Ақтау әуежайына 3 минуттан аз уақыт қалғанда рульді басқара алмай, апатқа ұшырады.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, бортта 69 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған:
42 Әзербайжан азаматы;
16 Ресей азаматы;
6 Қазақстан азаматы;
3 Қырғызстан азаматы;
Ұлты белгісіз екі әйел, біреуі шамамен 32 жаста, екіншісі шамамен 40 жаста.
Айта кетейік, алғашқы хабарлар 11:20-да келіп түскен, сол кезде Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ Ақтауға жедел қону үшін сұраныс жасағаны туралы айтылды.
Грозный әуежайының баспасөз қызметі мәліметіне сәйкес, ұшақтың бағытын өзгертуге қалың тұман себеп болған. Ұшақ алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға қайта бағытталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!