Кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтірген Орал қалалық құрылыс бөлімінің басшысына 991 мың теңге айыппұл салынды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен Орал қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Мәлік Еснияз ҚР ҚК 365-бабы 2-бөлігі 1-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге 500 АЕК көлемінде 991 мың теңге айыппұл салынды.