Елордада қар жинауға мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық коммуналдық қызметтер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Бүгін көшелер мен тротуарларды тазарту жұмыстарына 1957 жұмысшы, механикаландырылған жинау жұмыстарына 1066 арнайы машина, соның ішінде самосвалдар (427 бірлік), сыпыру машиналары (110 бірлік), құм төсейтін машиналар (25 бірлік) және т.б. тартылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.