«Turkvizyon-2015»: «Орда» тобы екінші орынды еншіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Түркияның Стамбұл қаласында Яхья Кемаль Беятлы мәдениет сарайында «Turkvizyon-2015» конкурсының гранд-финалы өтті. Оған биыл 21 елдің әншілері қатысты. Санаулы сәт бұрын мәреге жеткен өнер додасында Қазақстанның атынан шыққан «Орда» тобы 185 ұпай жинап, екінші орынды еншіледі. Қазақстандық өнерсүйер қауым бұл ерекше конкурсты «Хабар» арнасы арқылы тамашалады.