Қазіргідей кезеңде жастардың тегін кәсіби-техникалық білім алуы аса маңызды - В.Боричевская, БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында атап көрсеткеніндей, 2017 жылдан бастап елімізде «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасының жүзеге асырылуы - бұл мектеп бітіретін түлектер үшін үлкен мүмкіндік. Бұл туралы Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында тұратын ұстаз, «Радуга» славян ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Валентина Боричевская мәлім етті.