Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Июнь
2025

Жамбыл облысында шыңдалған шыны шығаратын зауыт іске қосылды

0
Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Үлгілі ауылында өңірдегі алғашқы шыңдалған шыны шығаратын зауыт өз жұмысын бастады. Индустриялық жобаны жергілікті кәсіпкер қаржыландырып, сәтті іске асырды.
Жаңа өндіріс ошағының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық мәслихат депутаттары, аудан әкімшілігі мен ауыл тұрғындары қатысты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың инвестициялық жобаларды қолдау және жаңа өндіріс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында өңірде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгін іске қосылған кәсіпорын – осы бастамалардың нақты жемісі. Бұл зауыт ел экономикасының дамуына және жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды жобалардың бірі.
«Туған жерге туыңды тік» деген халық даналығын ұстана отырып, туған өлкесіне инвестиция салып, іскерлік танытқан азаматтарға алғысымды білдіремін! Өндіріс ошағының жұмысы жемісті болсын! – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.
Бұдан соң Ербол Қарашөкеев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаровпен бірге зауыттың лентасын қиды.
Жобаны «JS GLASS» ЖШС жүзеге асырды. Инвестиция көлемі – 1 млрд теңге. Кәсіпорын жылына 100 мың шаршы метр шыңдалған шыны өндіруге қауқарлы.
Зауыт құрылтайшысы Жамалхан Ибрагимовтің сөзінше, мұнда сапа мен қауіпсіздік талаптарына сай заманауи технологиялар қолданылады. Шыны өңдеу кешенінде 40 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Өндіріс орны өңірдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етіп, өнімдерін Алматы және Түркістан облыстарының нарығына шығарады.
– Соңғы үлгідегі қондырғылармен жұмыс істеуді қытайлық мамандардың көмегімен бір ай ішінде меңгердік. Ауылымызда зауыттың ашылғанына өте қуаныштымын. Жұмысым өзіме ұнайды, – дейді Үлгілі ауылының тұрғыны, зауыт қызметкері Дастан Абделиев.

Сообщение Жамбыл облысында шыңдалған шыны шығаратын зауыт іске қосылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России