Қорғаныс министрлігінде 2015 жылғы жұмыс қорытындыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде қорытынды алқа мәжілісі өтті. Оған министрліктің басшылық өкілдері, департаменттер мен басқармалардың басшылары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылық әскерлері мен тектерінің қолбасшылары, жоғары оқу орындарының, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары, сержанттар құрамы қатысты.