Жамбыл облысында «Б. Момышұлы-Қошқар ата» автожолы учаскесінде жол қозғалысы жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына (боран, жолдың көрінбеуі) байланысты көліктің барлық түрлері үшін «Б. Момышұлы-Қошқар ата» (33-63 шақырым) облыстық маңызы бар жол учаскесінде қозғалыс шектелді.