ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Парламент «100 нақты қадам» идеясының заңнамалық негізін қалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жыл қай жағынан алсақ та жылдағыдан ерекше болды. Бұл жылдың тұтастай мемлекеттік биліктің мығымдығы үшін де сынақ ретінде өткенін де ерекше атауға болады. Өйткені, дағдарыс жұрт күткеннен әлдеқайда өзгеше сипат алған тәрізді. Бұндай алмағайып заманда тұрақтылық үшін табандылық та, тәртіп те талап етілетіні сөзсіз.