Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2025

Жамбыл облысында биыл 175,2 млрд теңгеге 30 инвест жоба іске қосылады

0

Жамбыл облысында индустриялық-инвестициялық жобаларды іске асыру тұрақты жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында берген тапсырмалары – инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа өндірістерді дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және тұрақты жұмыс орындарын құру міндеттерімен толық үйлесім табуда.

Соңғы жылдары өңірде жалпы құны 289 млрд теңгені құрайтын 48 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Оның ішінде 2023 жылы 13 өндіріс орны ашылып, 577 жаңа жұмыс орны құрылды. 2024 жылы 35 кәсіпорын іске қосылып, 1 453 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ірі жобалардың қатарында «Шатыркөл» кен байыту фабрикасы, «KORCEM» цемент зауыты, «Karatau Chemicals» кәсіпорны бар.

Биыл жыл қорытындысымен жалпы құны 175,2 млрд теңге болатын 30 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жалпы, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 301,8 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 48,1%-ға артты. Тараз қаласындағы индустриалды аймақ толық инфрақұрылыммен қамтылып, алдағы жылы мұнда шағын өнеркәсіптік аймақ ашылады. Онда есік шығару, шыны өндіру, тамшылатып суару жүйелері, құрғақ құрылыс қоспалары мен бетон бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар іске қосылады. Сонымен қатар аудандарда Талас, Сарысу-1, Сарысу-2, Меркі және Құлан субаймақтары құрылуда.

Қайта жаңғырған «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы бүгінде ірі жобалар жүзеге асырылып жатқан Орта Азиядағы бірегей өндірістік алаңдардың біріне айналуда.

АЭА аумағы 805 гектарға ұлғайып, қосымша 400 гектар алаңда субаймағы құрылды. Мұнда жел генераторларына арналған зауыттың алғашқы кешені іске қосылды. Сондай-ақ өндірістік кремний зауыты, жүгеріні терең өңдейтін Орта Азиядағы ірі кәсіпорын (биыл жүгеріні қабылдай бастайды), жылына 3 млн тонна темір бұйымдарын шығаратын металлургиялық зауыт, сутегі асқын тотығы өндірісі, желатин зауыты, мототехника өндірісі, натрий цианиді өндірісі және басқа да жобалар қолға алынған.

Ағымдағы жылдың қараша айында қуаты жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіруге қауқарлы «Еврохим Қаратау» ЖШС-нің ірі өндірісінің алғашқы кезеңі іске қосылады.

Жамбыл облысында атқарылып жатқан бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Жолдауында атап көрсеткендей, өңірлердің экономикалық белсенділігін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша аймақтың өнеркәсіптік әлеуеті едәуір артып, облыс экономикасына тың серпін бермек.

Сообщение Жамбыл облысында биыл 175,2 млрд теңгеге 30 инвест жоба іске қосылады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России