Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2025

Президент Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарымен танысты

0

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас жоспар аясында жылу электр орталығы, облыстық көпбейінді аурухана, Азаматтық қорғаныс академиясы және көпфункционалды спорт кешені салынып жатқаны жөнінде баяндалды. Бұдан бөлек, алпысқа жуық өнеркәсіп кәсіпорнына есептелген индустриялық аймақтың негізі қаланып жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс орталығының аумағы 7 мың гектарға ұлғаяды. Бас жоспардағы ерекше нысанның бірі – Қопа көлінің жағасында бой көтеретін заманауи іскерлік орталық. Онда тұрғын үй кешендері, бизнес және сауда орталықтары, әлеуметтік нысандар мен қоғамдық кеңістіктер орналасады.
Межелі уақытқа дейін қала халқының саны 500 мыңға жетеді деп жоспарланып отыр. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жаңа құрылыс алаңдары және реновация бағдарламасы аясында 10 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Президентке Көкшетау қаласында табысты іске асырылып жатқан бес жылдық реновация бағдарламасы жөнінде мәлімет берілді.

Жобаның мақсаты – апатты үйлердің тұрғындарын заманауи, жайлы әрі қуат үнемдейтін пәтерлерге көшіру, сондай-ақ инженерлік желілерді, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді кешенді түрде жаңғырту. Аталған бағдарламаның операторы – Kokshe әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы.

Қазіргі уақытта 13 ескі үй бұзылып, орнына 2 тоғыз қабатты және 4 бес қабатты көппәтерлі үй салынды. Жаңа баспанаға 365 отбасы қоныстанды.

2029 жылға дейін 175 ескі үйді бұзу жоспарланып отыр. Оның орнына 3500 пәтерге есептелген 35 заманауи тұрғын үй бой көтереді. Нәтижесінде 11 мыңға жуық адам жаңа қонысқа көшеді.

Мемлекет басшысы жаңа стадионды кемінде 10 мың көрерменге лайықтап салу жөнінде тапсырма берді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді.

Сообщение Президент Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарымен танысты появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России