Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2025

Таразда су ресурстарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесі енгізіледі

0

Мемлекет басшысы жүктеген тағы бір маңызды міндет – 2025 жылдың соңына дейін халықты 100 пайыз ауызсумен қамту. Осы мақсатта Таразда 2023-2025 жылдары «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында республикалық, облыстық бюджеттің қолдауымен 10,2 миллиард теңгеге 641,7 шақырым су құбыры жүргізілген. Нәтижесінде 56 мыңнан астам тұрғын тіршілік нәрімен қамтылды. Биыл тағы 6 көшеге ауыз су құбырлары тартылмақ
Былтыр шаһар аумағында 9,8 шақырымға созылған 10 көшенің ауызсу құбыры жергілікті бюджет есебінен жаңартылған. Жаңадан бұрғыланатын су желілерінің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, республикалық бюджетке өтінім ұсынылды. Магистралдық су құбырларының тозығы жетуіне байланысты, Айша бибі көшесінен Ы.Сүлейменов көшесіне дейін «Төрткөл» алабының су құбырын, бас су мұнарасынан магистралдық су құбырларын жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданды.
Бұдан бөлек, Абай даңғылы, Қолбасшы Қойгелді, А.Асқаров, Көшек батыр, Желтоқсан, Е.Ниетқалиев көшелеріндегі магистралды су құбырларын қайта жаңғырту жөнінде сараптама қорытындысы алынып, республикалық бюджетке өтінім жіберілді.
Тараз қаласындағы «Алматы теміржол су» мекемесінен қабылданған М.Тынышбаев, Б.Пірманов, Локомотив, С.Шаумян көшелері, «Песочный» алабындағы су құбыры желілері мен ұңғымаларын қайта жаңғырту туралы сараптама қорытындысы алынып, республикалық бюджетке өтінім жолданды. №16 шағынауданды ауызсумен қамтамасыз етудің екінші кезеңі де аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қала аумағында 2022-2023 жылдары жүзеге асқан нысандардың жобаларында деректерді қашықтықтан беру есептегіш құралдары қарастырылған. Бұл құралдар жобаға сәйкес су құдықтарына орнатылған.
-Биыл «Ақылды қала» жобасын ауызсу саласында дамыту үшін су ресурстарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қолжетімділікті ұйымдастыру жүзеге асырылады. Бұл жұмыстарға 44 миллион теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы мердігер анықталып, жұмыс басталды. Яғни енді тұтынушылардың су есептегіштерінен деректерді тікелей «Жамбыл су» мекемесіне жолдауды қамтамасыз етеді.
Ауызсу желісі жүргізілмеген «Новоджамбулец», «Дорожник», «Талас» алаптарының да мәселесі назардан тыс қалмай, орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамаға ұсынылды. «Дорожник», «Талас» алаптарын ауызсумен қамтамасыз ету жобаларына сараптаманың оң қорытындысы алынды. «Новоджамбулец» алабын ауызсумен қамтамасыз ету жобасына сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Тараз қаласындағы тозығы жеткен су құбырларын жөндеу көзделген. Биыл 6 көшеде ауызсу құбыры тартылады,-дейді шаһар әкімі Бақытжан Орынбеков.

Сообщение Таразда су ресурстарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесі енгізіледі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России