Әйгілі Backstreet Boys Алматыға келді
Алматыға әлемдік поп-мәдениет аңыздарына айналған топ — Backstreet Boys келді.
Әлеуметтік желілерде әуежайда музыканттарды жылы шыраймен қарсы алған сәттердің кадрлары тарады. Әртістерге сый-сияпат көрсетіліп, қазақы тақия мен «Қазақстан» шоколады табыс етілді.
Еске салайық, көптен күткен концерт 19-қыркүйекте қаланың Орталық стадионында өтеді. Бұл іс-шараға шамамен 27 мың көрермен жиналады деп жоспарланған. Концерт кезінде тәртіпті қадағалау үшін 2100-ден астам полиция қызметкері, 500 ұлттық гвардия әскері және 200 күзетші жұмылдырылады.
Алматы әкімдігі басты назар қауіпсіздікке, көрермендердің жайлылығына және ұйымдастыру сапасына аударылатынын хабарлады.
Сообщение Әйгілі Backstreet Boys Алматыға келді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.
