Хоккей: Астананың «Барысы» Мәскеудің атышулы ЦСКА командасын тізе бүктірді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында өнер көрсететін Астананың «Барысы» өз айдынында турнир кестесінде көш бастап келе жатқан Мәскеудің ЦСКА командасын қабылдап, азулы қарсыласын 4:3 есебімен тізе бүктірді.