Универсиада нысандарында 12 мың шаршы метр жер шағын және орта бизнеске беріледі - С. Апенко (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 2017 жылы болатын қысқы Универсиадаға салынып жатқан спорт нысандарында 12 мың шаршы метр жер жеке бизнес субъектілеріне беріледі. Бұл туралы бүгін Алматыда салынып жатқан 12 мың орындық Мұза сарайы, 5 мың орындық Атлетикалық ауыл және 3 мың орындық Мұз аренасының бизнес-мүмкіндігін таныстыру шарасы барысында «ҚазАқпарат» тілшісіне «Алматы қ. спорт құрылымдары дирекциясының» директры Сергей Апенко мәлім етті.