ҚР Президентінің Иранның ядролық бағдарламасына байланысты мәлімдемесі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру ісіндегі ілгерілеуге байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың мәлімдемесін жариялады.