Бақа
Баяғыда Бақа деген бір шал болыпты. Ол өзі «қой аузынан шөп алмайтын» момын екен, еш уақытта да бір адамға «сені ме!» деген қатты сөз айтпапты. Осы мінезіне қарай, Бақаны жұрт келемеждеп «әулие» деп атапты. Бара-бара Бақа деген аты ұмытылып, оған Әулие деген ат тағылыпты.