Жария ету науқаны аясында Қазақстан экономикасына 42,1 млрд. теңге инвестицияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 30 желтоқсанындағы мәліметтер бойынша мүліктерді жария ету жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 721,4 млрд теңгені құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 72 866 өтініш түскен. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.