Әлеуметтік желінің пайдалы, пайдасыз тұстары
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта әлеуметтік желі өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Кей адамдар смартфон немесе планшет арқылы әлеуметтік желіге кіріп, кітап оқу, теледидар көру, радио тыңдаудан да көбірек уақытын жұмсайды. Бұл қызмет қызығушылықтары сәйкес келетін топтардың бірігуіне мүмкіндік береді. Бұрынғы сыныптастарын тауып алады, жаңа адамдармен достасады, солармен пікір алмаса отырып көп уақытын осы желіде өткізеді.