Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Декабрь
2025

Ербол Қарашөкеев зиялы қауым өкілдерімен кездесті

0
Жаңа жыл қарсаңында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің зиялы қауым өкілдерімен мазмұнды кездесу өткізді. Басқосу руханият пен мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ақын-жазушыларға құрмет көрсетіп, олардың қоғамдағы айрықша рөлін айқындауға арналды.
Аймақ басшысы елді бірлік пен ынтымаққа ұйыстырып, халыққа дұрыс бағыт-бағдар беруде зиялы қауымның орны бөлек екенін атап өтіп, өңірдің өркендеуіне қосқан елеулі еңбектері үшін шығармашылық өкілдеріне алғыс білдірді.
– Әулиеата өңірі – әдебиет пен руханияттың алтын ұясы. Бұл өлкенің рухани дамуға қосқан үлесі орасан. Қоғамның кемелденуі мен жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде сіздердің салмақты ой-пікірлеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз аса маңызды. Ақыл-кеңестеріңіз ел көкейіндегі көптеген түйткілді мәселелерді шешуге жол ашып келеді, – деді Ербол Қарашөкеев құттықтау сөзінде.
Облыс әкімі Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Таза Қазақстан» сынды негізгі қағидаттарының өңірде іске асырылу барысына, сондай-ақ Жұмысшы мамандықтар жылы мен «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында жазушы-драматург Елен Әлімжан, ақын Үміт Битенова және жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы сөз сөйлеп, мемлекет тарапынан мәдениет пен әдебиетке көрсетіліп отырған қолдауға ризашылықтарын жеткізді.
Ербол Қарашөкеев зиялы қауым өкілдеріне шығармашылық табыс тілеп, қаламдарының қарымды болуын тіледі.
Мазмұнға толы, тағылымды кездесу естелік суретке түсумен қорытындыланды.

Сообщение Ербол Қарашөкеев зиялы қауым өкілдерімен кездесті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России