Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Жігітті зорлады деп айыпталды“: ағайындылар үкімге шағымданды

0

Түркістан облысында дамуында кідірісі бар 24 жастағы жігітті зорлау ісі бойынша үш ағайындыға шығарылған үкім апелляцияда өзгеріссіз қалдырылды. Бұған дейін олардың әрқайсысына 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаның мән-жайы
Келес ауданындағы жантүршігерлік оқиға туралы 2025 жылғы наурызда "НеМолчи.kz" қорының парақшасында белгілі болды. Ұйым дерегінше, даму деңгейі 4 жастағы баламен шамалас жігіт ұзақ жылдар бойы немере ағалары мен көршілерінің тарапынан зорлық-зомбылық көрген.
Жәбірленушінің анасы бұған дейін қылмысқа алты адам қатысы бар екенін, олардың арасында кәмелетке толмағандар да барын айтқан. Алайда сот алдында жәбірленушінің небәрі үш немере ағасы ғана жауап берді – жастары 23, 25 және 28-де. Үшеуі де бір отбасының мүшелері.
Процесс жабық режимде өтті. 8 қазанда бірінші сатыдағы сот оларды бірнеше рет топ болып зорлағаны үшін кінәлі деп таныды, ал айыпталушылардың бірін қосымша ұрлық жасағаны үшін де кінәлі деп таныды.
"Шындықты айтып тұрмын"
Жәбірленушінің адвокаты Гулайхан Тұрсұманова Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында апелляция кезінде қорғау тарапы сотталушылардың кінәсіз екенін айтып, олардың қатысы барын дәлелдейтін айғақ жоқ деп мәлімдегенін жеткізді. Алайда жігіттің дерегі мен сараптамалардың қорытындылары бұл уәжді жоққа шығарған.
Заңгердің айтуынша, жәбірленуші процесс барысында "зорлау" деген сөзді қолданбаған, бірақ оған кімнің "жаман нәрсе жасағанын" нақты біледі.

"Процесс бойы жігіт бірізді, бірдей пікір берді. Бірінші сатыдағы сотта анасы оған: "Саған сенбейді" деген еді, ол болса: "Мен шындықты айтып тұрмын, егер оларды жазаламаса, өзім жазалаймын" деп жауап берді. Мұндай сөзді есту өте ауыр болды", – дейді адвокат.

Гулайхан Тұрсұманованың айтуынша, сотталушылар қылмыс жасалған кезде өздерінің үйде болмағанын алға тартқан. Алайда тергеу олардың жүріп-тұруын қалпына келтіре алған.

"Олар сол күні үйде болмағанын айтты. Бірақ моншаға келген куәлардың пікірі бар, олар айыпталушыларды көрген - айыпталушылардың үйінде ақылы монша бар. Сонымен қатар, ұялы байланыс операторларынан геолокация сұратылды: сол сәтте күдіктілер өз туған ауылында болған. Полиция қызметкері бәрін секундтап түсіндіріп берді".

Адвокат қорғау тарапы жәбірленушіні қаралау және болған оқиғаға оны кінәлі етіп көрсету үшін арсыз тәсілдерге барғанын атап өтті.

"Анасына оңай болған жоқ. Ол ұлы сот процестеріне қатысып, куәлік бергені дұрыс деп шешті. Барлығы оның кімнің өзіне жаман нәрсе жасағанын білетінін көріп, көз жеткізсін деді", - деді заңгер.

Гулайхан Тұрсұманова апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырғаннан кейін жәбірленушінің анасы эмоциясын ұстай алмағанын айтты. Адвокаттың айтуынша, әйел онлайн-отырыс кезінде жылап жіберген.

"Анасы бастапқыда 9 жылдық мерзімге көңілі толмады, мен жазаны күшейту жөнінде апелляция бергім келді, бірақ ол кейін бас тартты. Ең бастысы - оның ұлы кінәлі емес екені дәлелденді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России