Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

ТЖМ iPhone және қытайлық смартфон иелеріне ескерту жасады

0

Қазақстан ТЖМ Қытайда жасалған смартфондар мен кейбір iPhone иелеріне ескерту жасады. Олардың иелері қажет болған жағдайда төтенше жағдай туралы хабарлама алмай қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі Cell Broadcast технологиясын қолдана отырып, халықты мобильді құрылғылар арқылы жедел құлақтандыру жүйесін енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жүйені еліміздің барлық аумағында кезең кезеңімен енгізу мақсатында сейсмикалық белсенді 11 өңір анықталды. Қазіргі уақытта "Mass Alert" ақпараттық жүйесіне Алматы, Шымкент, сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары қосылған.

"Жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығымен бірлесіп, қытайлық кейбір мобильді құрылғыларда (Huawei, Xiaomi және т.б.) Cell Broadcast арқылы жедел құлақтандыру қызметі операциялық жүйе баптауларында әдепкі қалпында өшіріліп тұрғаны анықталды. Соның салдарынан мұндай құрылғылардың иелері "Mass Alert" ақпараттық жүйесі арқылы жіберілетін төтенше хабарламаларды алмауы мүмкін", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, төтенше хабарламаларды алмау қаупі мына жағдайларда сақталады:

iOS 18 нұсқасынан төмен операциялық жүйесі бар iPhone құрылғыларында;
Қазақстан Республикасының аумағына ресми сертификаттаусыз басқа елдерден әкелінген мобильді телефондарда;
Қазақстан Республикасындағы ұялы байланыс операторларының желілерінде тіркелмеген құрылғыларда;
Қазақстан Республикасында пайдалануға арналмаған, яғни "рұқсатсыз енгізілген" мобильді құрылғыларда.

Аталған құрылғыларда Cell Broadcast хабарламаларын қабылдау баптаулары шектеулі болуы, мүлде болмауы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Бұл жағдай қауіп төнген кезде немесе төтенше жағдайлар туындағанда азаматтардың жедел ақпаратты уақытында алмауына әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты Министрлік азаматтарға мыналарды ұсынады:

мобильді телефонның баптауларында жедел хабарламалар (Cell Broadcast) функциясының бар-жоғын және қосулы тұрғанын тексеріңіз;
Қазақстан Республикасына ресми түрде әкелінген және тіркелген мобильді құрылғыларды пайдаланыңыз;
смартфонның операциялық жүйесін уақытылы соңғы нұсқаға дейін жаңартып отырыңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России