Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Жылап, үйге апарар жолды іздеген: Сәтбаевта екі қыз балабақшадан шығып кеткен

0

Сәтбаевта 4–5 жастағы бала ересектердің қарауынсыз қалып, балабақшадан өз бетімен шығып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қыздар кездейсоқ өтіп бара жатқан адамның көмегінің арқасында ғана үйлеріне жете алған. Ата-аналар жауапты қызметкерлерді жазалауды талап етіп отыр.

"Негізінде балалар ұзақ уақыт бойы топтың ішінде ересектерді іздеген. Олардың әжетханаға, ас үйге кіріп, бүкіл топ пен дәлізді аралап жүргені, терезеден қарап, тәрбиешілерді немесе басқа қызметкерлерді іздегені көрінетін жазбалар бар. Тек содан кейін балалар өздерін балабақшада жалғыз қалдырғанын түсінген", - деді қыздардың бірінің анасы.

Іздеу нәтиже бермеген соң, қыздар қатты қорыққан. Анасының айтуынша, балалар ересектер кетіп қалып, оларды ұмытып кеткеніне сенген.

"Қатты қорыққаннан кейін олар өздері киініп, үйге қайтуға шешім қабылдаған. Алайда бірден бағдар таба алмай, жолды ұзақ уақыт іздеген", - деді ол.

Ата-аналардың айтуынша, қыздар көшеде шамамен 20–25 минут болған. Ауа температурасы –29 градусқа дейін сезілген. Осы уақыт бойы балалар жылап, өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұрауға тырысқан.
Абырой болғанда, жылап тұрған балаларды бір ер адам байқап қалып, оларға үйіне жетуге көмектескен. Ата-аналардың айтуынша, ауыр зардаптың алдын алған жайт - қыздардың бірінің отбасы балабақшаға жақын жерде тұратыны. Анасы балалардың мекеме аумағынан алғаш рет өз бетімен шыққанын және қашуға тырыспағанын атап өтті.

"Жауапкершілікті балаларға артып, олар қашып кетті деу - мүлде дұрыс емес. Ондай ой олардың ойына да келмеген. Олар өздерін жалғыз қалдырды деп ойлаған. Ол сәтте топта бар-жоғы екі ғана бала болған", - деді ол.

Сондай-ақ, ата-аналар өздерінің жұмыс орнында болғанын және жұмыс уақытында балабақшадағы бақылаудың жоқғы үшін жауапты бола алмайтынын айтты. Ұлытау облысының білім басқармасы оқиғаға байланысты КМҚК "Құлыншақ" №22 балабақшасында қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

"Тексеру барысында оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерделеніп, жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеті мен әрекетсіздігіне құқықтық баға беріледі. Тексеру қорытындысы бойынша кінәлілерге қызметтен босатуға дейінгі тәртіптік жаза қолданылады", - делінген хабарламада.

Ведомство бұл жағдай ерекше бақылауда екенін, ал балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі сөзсіз басымдық екенін атап өтті. Ұлытау облысының білім басқармасы ата-аналар мен тәрбиеленушілердің заңды өкілдерінен ресми түрде кешірім сұрады.
Қыздардың ата-аналары кінәлілердің тиісті жазасын алуын және мұндай жағдайлардың қайта қайталанбауын талап етіп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России