Оралда аса ауыр қылмыс үшін халықаралық іздеуде жүрген адам ұсталды
17 қаңтарда Оралда полиция "Бүркіт" арнайы жасағының қолдауымен 33 жастағы ер адамды ұстады.
"Ол Орал қаласы аумағында жасалған ер адамды өлтіру дерегі бойынша 2024 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
