Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда 47 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды

0

2025 жылғы желтоқсанда Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болып, бірқатар температуралық аномалия тіркелді. Кей өңірде бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіштер жаңарып, тіпті 1978 жылдан бері сақталып келген рекордтар да бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" мәліметінше, айдың алғашқы күндері ел аумағындағы ауа райы белсенді циклондар әсерінен қалыптасты. Республиканың басым бөлігінде қарашаға тән жылы ауа райы сақталып, қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын түсті. Кей жерлерде боран соғып, тұман түсіп, жел күшейді.
Желтоқсандағы рекорд
Айдың алғашқы күндерінде бірнеше өңірде ауа температурасы қалыпты деңгейден едәуір жоғары болды. 1 желтоқсанда Қостанайда ауа температурасы +4,8 градусқа жетіп, 2021 жылғы рекордтан асты. Петропавлда ауа +2,6 градусқа дейін жылынып, 2009 жылғы ең жоғары көрсеткіш жаңарды.
2–4 желтоқсан аралығында Жезқазғанда қатарынан үш күн рекорд тіркелді:

+6,0 градус (2021 жылғы +5,9),
+7,7 градус (1990 жылғы +7,2),
+5,9 градус (2016 жылғы +4,3).

Нағыз қыс
8–12 желтоқсан аралығында елдің көп бөлігінде күн күрт суытқаны байқалды. Солтүстік антициклонның ықпалымен ауа температурасы 0…-5 градустан -18…-26 градусқа дейін төмендеп, қыс басталды.
1978 жылдан бергі рекорд бұзылды
Желтоқсанның екінші жартысында Қазақстанға қайтадан жылы ауа келді. 15 желтоқсанда Астанада ауа температурасы +2,2 градусқа жетіп, 1981 жылғы рекордтан асты. Ал Петропавлда -1,1 градус тіркеліп, 2005 жылғы көрсеткіш жаңарды.
29 желтоқсанда Шымкентте термометр бағаны +19,4 градусқа көтеріліп, 2023 жылғы рекордты (+15,5) артта қалдырды. Түркістанда +14,1 градус тіркеліп, 1995 жылғы максимумнан асты.
30 желтоқсанда Астанада +2,8 градус (1995 жылғы +1,8), ал Жезқазғанда +1,3 градус (2001 жылғы +1,1) белгіленді.
31 желтоқсанда Өскеменде ауа температурасы +6,3 градусқа жетіп, 1978 жылдан бері, 47 жыл бойы сақталып келген рекорд (+4,8) жаңарды.
Қорытынды
Жалпы алғанда, 2025 жылғы желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1–4 градусқа жоғары болды. Кей өңірлерде жауын-шашын мөлшері айлық орташа көрсеткіштен 1,3–6 есе артық түсті, ал жекелеген аудандарда норма шамасында немесе одан аз болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России