Қазгидромет Алматы және тағы жеті қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"20 қаңтарда Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
