Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

“Алтын бөлме“ және 4 миллиард теңге залал: Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды

0

Семейде сот ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін құрамында алтын бар кенді ұрлағаны үшін кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Семейдің үш тұрғыны Ж., К. және М-ға ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу (ҚК-нің 262-бабының 2-бөлігі), өндірістік үй-жайға заңсыз кіру арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасау (ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі), ұрлық жасауға оқталу (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 188-бабының 4-бөлігі), қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру (ҚК-нің 218-бабының 3-бөлігі) бойынша айып тағылған.
Айыптау нұсқасына сәйкес, сотталушылар ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында "Алел" қаржы-инвестициялық корпорациясының өндірістік үй-жайларына заңсыз кіріп, аса ірі мөлшерде құрамында алтын бар кенді ұрлап, жәбірленуші тарапқа 4 миллиард теңгеден астам материалдық залал келтірген. Сонымен қатар, олар 224 миллион теңге сомасындағы алтын құрамды материалды ұрлауға оқталу жасаған.

"Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "алтын бөлме" деп аталатын орыннан ұрлық жасау деректері 2019 жылдан бастап орын алғанын және барлығы құрамында алтын бар материалды ұрлаудың 49 эпизоды тіркелгенін анықтады. Тергеу барысында сотталушылар мен олардың туыстарының жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, оның ішінде қонақүй кешендерін, коммерциялық ғимараттарды, сауда үйлерін, дәріханаларды, пәтерлер мен автокөліктерді сатып алғаны және сатып алуға жәрдемдескені анықталып, бұл әрекеттер қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыру тәсілі ретінде бағаланды", - делінген хабарламада.

Тараптардың ұстанымы
Ж. мен К.-ның қорғаушылары сотталушыларды толық ақтауды өтінді, ал М.-ның қорғаушысы ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 188-бабының 4-бөлігі бойынша шартты жаза қолдануды және ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі бойынша ақтауды сұрады.
Жәбірленуші ұйымның өкілі заң талаптарына сәйкес жаза тағайындауды сұрады. Корпорация тарапынан материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап қойылған жоқ.
Сот шешімі
Ж. мен К.-ға қатысты кәмелетке толмаған балаларының болуы – жеңілдететін мән-жай, ал төтенше жағдай кезеңінде (пандемия) қылмыс жасауы – ауырлататын мән-жай ретінде танылды.
М.-ға қатысты кәмелетке толмаған балаларының болуы және кінәсін ішінара мойындауы – жеңілдететін мән-жай, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Осыны ескере отырып, сот:

Ж.-ны қылмыстар жиынтығы бойынша 10 жыл бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеумен,
К.-ны қылмыстар жиынтығы бойынша 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеумен,
М.-ны қылмыстар жиынтығы бойынша 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеумен үкім етті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России