Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қазақстандағы базарларда танымал брендтердің контрафакт өнімдері сатылған

0

Қазақстандағы базарларда танымал брендтердің контрафакт өнімдері сатылған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қанша дерек тіркелді?

Әділет министрлігінің дерегіне сәйкес 2025 жылы тәркіленген контрафакт өнім көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 есеге артқан.

«Мәселенің тағы бір алаңдатарлық қыры — шекара қауіпсіздігімен тығыз байланысы. Шекара қызметінің мәліметінше, жылдың алғашқы айының өзінде шекарада 3 026 құқықбұзушылық тіркелген», — деді ол.

Қандай өнімдер сатылған?

Депутат нақты дәлелдер келтірді. Қазақстан аумағына заңсыз әкелінген «Колгейт-Палмолив» (Colgate-Palmolive) маркалы контрафакт тіс пастасын сату дерегі анықталған. Өнімдер сыртқы тұрпаты жағынан түпнұсқаны қайталағанымен, қаптамасы мен таңбалануы ресми талаптарға сәйкес келмеген.

Алматы мен Шымкент қалаларындағы базарларда Бондюэль (Bonduelle) маркасымен сатылған консервіленген көкөністер арасында да жалған өнімдер тіркелген.

«Құрылыс материалдары, алкоголь өнімдері, құрғақ ашытқылар сынды тауар топтары бойынша да контрафакт тіркеліп отыр. Бұл өнімдер құжатсыз, міндетті таңбалаусыз және санитария-эпидемиология қорытындыларынсыз таратылып, азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіріп отыр», — деді ол.

Бұл өнімдер қайдан келіп жатыр?

Депутаттың пікірінше, ерекше алаңдаушылық туғызатыны — бұл өнімдердің едәуір бөлігі кеден және салық бақылауын айналып өтіп, әсіресе, Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен шекаралас учаскелер арқылы (соның ішінде «Қорғас» бағытымен) ел аумағына енуі.

Сообщение Қазақстандағы базарларда танымал брендтердің контрафакт өнімдері сатылған появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России