Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

“Техникалық паспорт“ ұғымы енді қолданылмайды: не өзгерді?

0

Әділет министрлігі "Қазақстанда техникалық паспорты жаңартылмаған үйді сатып-сатып алу мүмкін болмайды" деген қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
Бұған дейін әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та Қазақстандағы пәтер иелеріне жылжымайтын мүлікке қатысты техникалық паспорттарды міндетті түрде қайта рәсімдеуге тура келеді деген ақпарат тараған. Онда бұл өзгерістер меншік иелерінің басым бөлігіне әсер етіп, тұрғын үйге қатысты жасалатын мәмілелерге ықпал етуі мүмкін екені айтылған.
"Техникалық паспорт" ұғымы енді қолданылмайды
Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитеті заңнамада "техникалық паспорт" деген ұғым енді қолданылмайтынын мәлімдеді. Бұл мемлекеттік қызметтерді цифрландыру аясында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңға енгізілген өзгерістерге байланысты.

"Техникалық паспорттың орнына қазір "жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты" термині қолданылады. Бұл - объектінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары, сондай-ақ жер учаскесі туралы мәліметтер көрсетілетін сәйкестендіру құжаты", - делінген Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына министрліктің берген жауабында.

Сонымен қатар, Әділет министрлігі барлық меншік иесі үшін құжаттарды жаппай немесе міндетті түрде ауыстыру қарастырылмағанын атап өтті.
Кадастрлық паспорт қашан рәсімделеді?
Кадастрлық паспорт жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық немесе сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда рәсімделеді - мысалы, қайта жаңғырту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау жұмыстарынан кейін. Сондай-ақ, меншік иесі деректерді нақтылап немесе жаңартқысы келсе, өз қалауы бойынша кадастрлық паспорт рәсімдей алады.
Бұдан бөлек, егер мүліктің нақты сипаттамалары мен құжаттардағы мәліметтер арасында өзгеріс анықталса, құқық иесі мемлекеттік техникалық тексеру жүргізуге өтініш бере алады. Оның қорытындысы бойынша анықталған өзгерістер көрсетілген кадастрлық паспорт рәсімделеді.
Министрлік меншік иесі ауысқан кезде кадастрлық паспортты қайта рәсімдеу қажет емес екенін ерекше атап өтті: құжат заңды күшін сақтайды, өйткені онда объектінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары көрсетіледі.
Осылайша, барлық тұрғын үй иесі құжаттарды шұғыл түрде қайта рәсімдеуі керек деген тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России