Петропавлдағы Назарбаев мектебінде оқушы 3-қабаттан құлап кеткен
Петропавлдағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде төтенше жағдай болды. Мектеп оқушысы үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқу орнының мәліметінше, қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
"17 ақпанда мектеп оқушысы үшінші қабаттан құлап, жарақат алды. Қазір ол медициналық мекемеде жатыр", - деп түсіндірді Петропавлдағы НЗМ-нің баспасөз қызметі Tengrinews.kz-ке.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен жасөспірім түрлі жарақатпен көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілгенін айтты.
"Ол жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр, бірақ есін біледі. Толығырақ ақпаратты кейінірек береміз", – деді облыстың Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Оқиғаға ұшыраған оқушының жасы 18-де екені белгілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
