Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28

«Қазіргі жастар: сипаттамасы, құндылықтары, қызығушылықтары» атты ғылыми семинар өткізді

0

27 қаңтар 2026 жылы «Қоғамдық пікір» зерттеу институты (Астана, Қазақстан) және Ханкук шетел тілдері университетінің Орталық Азия зерттеулері институты (Сеул, Корея Республикасы) бірлескен «Қазіргі жастар: сипаттамасы, құндылықтары, қызығушылықтары» атты ғылыми семинар өткізді.

Ғылыми семинар барысында Қазақстан, Оңтүстік Корея және Түркия зерттеушілері өз елдеріндегі қазіргі жастардың ерекшеліктерін, өмірлік құндылықтары мен басымдықтарын, әртүрлі ұрпақтардың қызығушылықтары мен мақсаттарын талқылады. Жас буынның құндылықтары мен бағдарлары қандай? Жастар үшін не маңызды? Олардың қызығушылықтары қандай? Ұрпақтар бір-бірінен несімен ерекшеленеді? Болашақ туралы түсініктері қандай? болашақтың адамдары – кім олар?

Семинарда келесі баяндамалар ұсынылды: Санчел Ким, PhD, профессор, Ханкук шетел тілдері университетінің Орталық Азия зерттеулері институтының ғылыми қызметкері (Сеул, Корея Республикасы) – «Корея Республикасындағы және Орталық Азия елдеріндегі (Қазақстан және Өзбекстан) миллениал ұрпағының ерекшеліктері»,

Шаймерденова Сабина Ануарбекқызы, әлеуметтану магистрі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Әлеуметтанулық зерттеулер және болжамдау басқармасының басшысы (Астана, Қазақстан) – «Қазақстан жастары: келбеті, құндылықтары, болашағы»,

Анар Сомунджуоғлу, PhD, қауымдастырылған профессор, Хаджеттепе университеті (Анкара, Түркия) – «Түркияның қазіргі жастары»,

Қаламқас Есімова, антропология және этнология магистрі, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты, Astana IT University (Астана, Қазақстан) – «ҚХР-дағы жастарға қатысты социологиялық зерттеулер».

Семинарға түрлі ұйымдардың өкілдері қатысты: ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, «Отандастар қоры» КЕАҚ, Astana IT University, Астана мемлекеттік қызмет хабы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Қытай зерттеушілері қауымдастығы.

Ғылыми семинардың модераторы: Ракишева Ботагоз Ислямовна – «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің доценті м. а.

Толығырақ: https://opinions.kz/ru/merop/nauchnye-seminary

Сообщение «Қазіргі жастар: сипаттамасы, құндылықтары, қызығушылықтары» атты ғылыми семинар өткізді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России