Челах пен Төлешовке үкім шығарған судья қызметінен босатылды
Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушысы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл шешім Жоғары сот кеңесінің кезекті отырысында қабылданды.
"Қарау қорытындысы бойынша, Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл қызметті Ербол Ахметжанов атқарып келген болатын. Ол Арқанкерген оқиғасы бойынша Владислав Челах пен Шымкенттің "сыра патшасы" Тоқтар Төлешовке үкім шығарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
