Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2026

Атырау облысында жоғалған отбасы: марқұм ерлі-зайыптының қызы да күдікті ретінде танылған

0

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облысында жоғалған отбасының іс бойынша мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әділовтің айтуынша, Атырау облысында жоғалған отбасының іс бойынша күдіктілер Индонезияда ұсталған.

"Қазақстандық полицейлер Интерпол және Индонезия полициясымен өзара іс-қимыл аясында үлкен жұмыс атқарды. Бүгінде күдіктілер Индонезияда ұсталды. Жақын арада олар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды елге экстрадициялау және келуі мәселесі қазір шешіліп жатыр", - деді Әділов.

Іс бойынша, ерлі-зайыпты күдікті мәртебесінде екені айтылды.
Із-түзсіз жоғалған екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Атырау облысында арнайы тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, 24 ақпанда ҚР ІІМ күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды.
Мән-жайы
Сұмдық қылмыс Жангелдин ауылында болған. Онда өткен күзде бүтін бір отбасы түгелдей жоғалып кеткен. Қаңтардың басында олардың үйіндегі қорадан зейнеткер ерлі-зайыпты өлі табылды. Ал олардың 33 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызы әлі күнге дейін табылған жоқ.
Марқұмдардың туыстары 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы қаза тапқаннан кейін де олардан аудиохабарламалар алып отырғандарын айтты. Сондықтан ешқандай күдік те туындамаған көрінеді.
Марқұмның інісі Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, ерлі-зайыпты өмірден өткен болуы мүмкін деген күннен кейін де отбасылық чаттарға хабарламалар келіп тұрған. Осындай аудиохабарламалардың бірі 7 қарашада келген. Бірақ жақындары бұл уақытта ерлі-зайыпты қайтыс болғанына сенімді.
Тек 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түскен.
6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Кейін Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
qamqor.gov.kz
Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізді.
Атырау облыстық Полиция департаменті күдіктіге халықаралық іздеуге жарияланғанын мәлімдеді. Күдіктінің әйелі, яғни жоғалған Мұқанғалиевтер әулетінің кенже қызы Ақбаянды да халықаралық деңгейде іздеу жарияланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России