Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда нәресте өлімі бұрын соңды болмаған деңгейге азайды

0

2025 жылы Қазақстанда бір жасқа дейінгі екі мыңға жуық бала шетінеп кетті. Бұл – бақылау жүргізілген бүкіл кезеңдегі ең төмен көрсеткіш, - деп хабарлайды TengriHealth.
Толығырақ
Ranking.kz мәліметі бойынша, 2024 жылмен салыстырғанда нәрестелер арасындағы өлім-жітім 24,2 пайыз азайған. 2021 жылы COVID-19 пандемиясы кезінде көрсеткіш 3,7 мың жағдайға дейін күрт өсті, кейін жағдай біртіндеп тұрақтанып, әрі қарай жақсара берді.
Әсіресе ауылда бір жыл ішінде қайтыс болған балалар саны 27 пайыз азайған. Қалада да өлім-жітім көрсеткіші төмендеді, бірақ сәл баяу - 21,9 пайыз.
Елдің барлық өңірінде оң динамика байқалады. Ең айқын көрсеткіш Ақтөбе, Ақмола және Қостанай облыстарында тіркелді. Шығыс Қазақстан облысында өзгеріс жоқтың қасы: онда қайтыс болған нәрестелер саны бір балаға ғана азайған - 2024 жылы 46-дан, 2025 жылы 45-ке дейін.
Бір жасқа дейінгі балалар өлімінің ең көп жағдайы халық көп шоғырланған оңтүстік өңірлерде тіркелген:

Түркістан облысында 325 нәресте қайтыс болған,
Алматы облысында - 176,
Алматыда - 155,
Шымкент пен Жамбыл облысында - әрқайсысында 150 жағдай.

Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді - 24 жағдай.
Өлім себебін талдау
Өлім себебінің көп бөлігі перинаталдық жағдайлармен байланысты - яғни жүктілік кезінде, босану немесе нәресте дүниеге келгеннен кейін бірден пайда болатын асқынулар.
2025 жылы осы себеппен 912 нәресте шетінеп кетті, бұл жалпы санның 46,3 пайызы. Бірақ көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 19 пайыз азайған.
Ең жиі кездесетін екінші себеп - туа біткен ауытқулар. Олардан 379 бала қайтыс болды - бұл алдыңғы жылға қарағанда 20 пайыз аз.
Сонымен қатар тыныс алу жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім айтарлықтай азайды. 2025 жылы олар 172 нәрестенің өмірін қиды, ал 2024 жылы - 252. Атап айтқанда, тұмау, ЖРВИ және пневмониядан 114 бала көз жұмды, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 174 болған.
Жұқпалы және паразиттік аурулардан болған өлім-жітім әдеуір азайды. 2025 жылы осы себеппен 115 нәресте шетінеп кетсе, бір жыл бұрын мұндай екі жүзден астам жағдай тіркелген. Осылайша, көрсеткіш шамамен екі есе қысқарды.
Тарихи минимум
Негізгі көрсеткіш - 2025 жылы туған мың балаға шаққандағы нәресте өлімінің коэффициенті Қазақстан тарихында алғаш рет 6-дан төмен түсіп, 5,97 болды. Салыстыра кетсек, 2015 жылы ол 9,46-ға жеткен. Осылайша, он жыл ішінде көрсеткіш шамамен 3,5 тармаққа немесе 40 пайызға жуық төмендеді.
Қала мен ауыл арасындағы айырмашылық әлі де сақталып отыр, бірақ біртіндеп қысқарып келеді. 2025 жылы қалада коэффициент жаңа туған мың балаға шаққанда 5,53 болды (2024 жылы - 6,46), ал ауылдық жерде - 6,66 (2024 жылы - 7,92).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России