Қазақстанда доллар бағамы күрт төмендеді
Доллардың 5 наурыздағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар 6,13 теңгеге төмендеп, орташа бағамы 493,36 теңге болды. Ұлттық банктің 5 наурызға арналған ресми бағамы – бір долларға 499,83 теңге.kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта:Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы:
сатып алу – 491,75 теңге;сату – 494,66 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы:
сатып алу – орта есеппен 491,01 теңге;сату – 498,01 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
