Номиналынан 750 есе қымбат: Ақтөбе тұрғыны үйінен “қазына“ тапты
Ақтөбелік Лилия 100 теңгелік күміс монетаны 11 жыл бойы сақтап келген. Жақында ол монетаның нарықтағы бағасын тексеріп көруді ұйғарған. Сөйтсе, күйеуі сыйлаған бұл сыйлықтың қазіргі құны иесі ойлағаннан әлдеқайда қымбат болып шыққан. Tengri Life Ұлттық банктен бұл қандай монета екенін, онымен төлем жасауға бола ма және қазір қанша тұратынын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыйлықтың тарихы
Ақтөбе тұрғыны Лилия ерекше монетаны шамамен 11 жыл бойы сақтап келеді. Әйелдің айтуынша, бұл сыйлық ұзақ уақыт бойы үйінде жай жатқан.
"Мұны маған күйеуім 2015 жылы 8 наурыз мерекесіне сыйлаған. Көп жыл бойы сол күйі сақтаулы тұрды, жақында ғана оны сатайын деп шештім", - деді ол.
Қазір Лилия бұл сыйлықтың нақты қанша тұратынын білгісі келеді.
"Негізі қаржылай көмегі тиер еді, бірақ әзірге сатуға асықпаймын. Тек қазір қанша тұратынын және шын мәнінде қандай бағаға сатуға болатынын білгім келеді", - деді ол.
Әйел монетаның алғаш сатып алынған кездегі бағасын білмейтінін айтты, өйткені бұл сыйлық болған.
Ұлттық банк не дейді?
Сирек монета туралы толығырақ білу үшін Tengri Life Ұлттық банкке жүгінген. Баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай монетаны қазір ресми арналар арқылы сатып алу мүмкін емес. Оның тиражы шектеулі болған және әлдеқашан сатылып кеткен.
"Мұндай монеталар бекітілген тиражға сәйкес шығарылады, бұл - коллекциялық эмиссиялар үшін қалыпты тәжірибе. Сондықтан олар бұрын Ұлттық банктің ресми арналары арқылы толық сатылып кеткен. Қазір Ұлттық банктің кассаларында да, интернет-дүкенінде де жоқ. Негізінен оларды нумизматтардан ғана табуға болады", - деп хабарлады Ұлттық банк өкілдері.
Бұл қандай монета?
Ұлттық банктің мәліметінше, бұл - 2015 жылы шыққан "Монета-сыйлық" сериясындағы "8 наурыз" атты 100 теңгелік коллекциялық монета.
Монетаның пішіні ерекше - төртбұрышты. Алдыңғы бетінде мөр бейнесімен қоршалған гүл бейнеленген. Ортасында Қазақстанның елтаңбасы орналасқан, ал оң жағында ұлттық өрнек, номиналы, соғылған жылы және металл сынамасы көрсетілген.
Артқы бетінде витраж стилінде жасалған гүл шоғы және "8" саны бейнеленген. Сондай-ақ, "Наурыз" деген жазу мен монета сарайының белгісі бар.
Монета 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы 31,1 грамм, соғылу сапасы жақсы, ал тиражы 4000 дана болған.
Монета сирек кездескенімен, оны төлем жасау үшін пайдалануға болады.
"100 теңгелік естелік монета Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрі бойынша өзінің номиналдық құнымен қабылдануға тиіс. Сондай-ақ, оны банк шоттарына салуға, аударым жасауға және барлық банкте айырбастауға болады", - деп түсіндірді Ұлттық банкте.
"8 наурыз" монетасы қанша тұрады?
Tengri Life танымал маркетплейстер мен хабарландыру сайттарындағы ұсыныстарды тексеріп көрді. Қазір 100 теңгелік бұл монетаның бағасы 35 мыңнан 75 мың теңгеге дейін жетеді.
Баға монетаның сақталу күйіне, түпнұсқа қорабы мен сертификатының бар-жоғына байланысты өзгереді. Жақсы сақталған және толық қ
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
