Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ербол Қарашөкеев жамбылдық нәзік жандыларды мерекемен құттықтады

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Баласағұн» орталық концерт залында өткен салтанатты жиында өңірдің барша қыз-келіншектерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

– Тәуелсіздік жылдары Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басып, әлеуметтік-экономикалық өрлеудің биік белестерін бағындырды. Сол жетістіктердің әрқайсысында әйел азаматтардың қажырлы еңбегі, ақыл-парасаты мен табандылығы жатыр.

Өңірімізде білім мен ғылымда, денсаулық сақтау мен мәдениетте, кәсіпкерлік пен мемлекеттік қызметте, өндіріс пен ауыл шаруашылығында табысты еңбек етіп жүрген арулар аз емес. Кәсібилік пен жауапкершілікке негізделген еңбектеріңіз өңірдің тұрақты дамуына серпін беріп, қоғамның өркендеуіне жол ашып келеді.

Аналарға тағзым, аруларға құрмет, әйелдерге деген шынайы алғыс – халқымыздың терең тамырлы асыл дәстүрлерінің бірі. Әйел затының мейірімі мен парасаты, төзімі мен даналығы – ұлттың рухани байлығы мен берекесінің қайнар көзі.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен мейірімдеріңіз үшін барша облыс жұртшылығының атынан шын жүректен алғыс айтамын.

Алдағы уақытта да елдің дамуы мен әр отбасының амандығы жолында аянбай еңбек етіп, жақсылықтың жаршысы бола берулеріңізге тілектеспін.

Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға бақ-береке, өмірлеріңізге шаттық пен қуаныш тілеймін! Елдігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! – деді өңір басшысы.

Айта кетейік, бүгінде облыста 48 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның ішінде 19 396 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері.

Сонымен қатар білім саласы қызметкерлерінің 75 пайызын, денсаулық сақтау саласының 85 пайызын, ал үкіметтік емес ұйымдарда еңбек ететіндердің үштен екісін әйелдер қауымы құрайды.

Салтанатты жиын марапаттау рәсіміне ұласты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Құрмет» орденімен Жамбыл облыстық Іскер әйелдер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Меруерт Лештаева мен «Дана-Дель» жеке кәсіпкерлігінің директоры Бақытгүл Тоқтыбаева марапатталды.

Сондай-ақ Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері Бибігүл Жұмақұлова, еңбек ардагері Раушан Жетібаева және Талас ауданы білім бөлімінің әдіскері Сәуле Сағынбекова «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.

Мемлекет басшысының құттықтау хаты «Мүгедектердің жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әйгерім Дәулетбаеваға табысталды.

Бұдан бөлек, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар нәзік жандыға облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамотасы мен Алғысхаты берілді.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Сообщение Ербол Қарашөкеев жамбылдық нәзік жандыларды мерекемен құттықтады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России