Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыда суррогат ана баладан бас тартқан Қытай азаматтарынан ақшасын ала алмай жүр

0
Алматыда суррогат ана Қытайдан келген ерлі-зайыптыдан өз қызметі үшін ақшасын ала алмай жүр, олар баладан бас тартқан. Әйел полицияға жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.
27 жастағы Кристина Гаврилюк ақша үшін бала көтеруге келіскен. Кепілдендірілген сыйақы - 7,5 миллион теңге. Әйелге эмбрионды Алматыда салған.
Болашақ ата-ана жүктілік кезінде ақшаны уақытылы беріп, ай сайын шамамен 200 мың теңге жалақы төлеп отырған. Бірақ асқынуларға байланысты Кристина мерзімінен бұрын, жетінші айда босанған. Клиенттер шала туған ұлды алудан бас тартқан.

"Кесарь тілігінен кейін оны бірден алып кетті. Шамамен төрт сағаттан соң маған медбике келіп, баланы тапсырғандарын айтты. Мен бәрі жақсы ма, ол тірі ме деп сұрадым. Ол "бәрі жақсы" деді. Биологиялық ата-ана алдымен баланың денсаулығын тексеру үшін анализ алуды талап етті. Анализдер бәрі дұрыс екенін көрсетті. Бала салмақ қоса бастады. Кейін олар ДНҚ-тест жасауды талап етті. ДНҚ-тест олардың баламен туыстығын растады. Мен куратормен байланыста болдым. Бірақ кейін биологиялық ана жауап беруді тоқтатып, баланы алып кетіңдер деді", - деді суррогат ана.


Кристина Гаврилюк дүкенде сатушы болып жұмыс істейді. Өзінің алты жастағы қызы бар. Әйел екі рет суррогат ана болған, екі жағдайда да келісім сәтті аяқталған. Ал үшінші рет сыйақысын ала алмаған. Кристина бөтен баланы тәрбиелеуге, ол үшін жауапкершілік алуға ниеті жоқ екенін ашық айтып отыр. Сондықтан босанғаннан кейін бірден нәрестеден бас тарту туралы өтініш жазған.
Биологиялық ата-ана туралы ақпарат өте аз. Ерлі-зайыпты Қытай азаматтары. Қазір олардың қайда екені белгісіз. Процедура жасалған клиникадағылар түсініктеме беруден үзілді-кесілді бас тартқан.

"Бұл факт бойынша мәліметтерді зерттеу нәтижесінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданды, себебі қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық белгілері анықталған жоқ. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 79-бабының нормаларына сәйкес, мұндай жағдайлар тек сотта қаралуы тиіс. Сондықтан азаматтық-құқықтық тәртіппен сотқа азаматтық талап-арыз беру ұсынылды", - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Қазақстанда суррогат ана болу ресми түрде рұқсат етілген. Баланы көтеріп жүрген ананың құқықтары мен міндеттері "Неке және отбасы туралы" заңмен реттеледі. Ол әйелге медициналық көмек, денсаулығын қорғау және сыйақы алу кепілдігін береді. Құқық қорғаушылар алданған әйелге сотқа жүгінуге кеңес берді. Баланың биологиялық ата-анасы шетел азаматтары болғандықтан, суррогат анаға Қытай елшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне жүгіну ұсынылды.

"Биологиялық ата-анаға қатысты Қылмыстық кодекс бойынша ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғауға болады. Яғни олар баланы қалдырып, Қазақстаннан кеткен. Демек өз баласының өмірі мен денсаулығын қауіпке қалдырған", - деді заңгер Ғабит Өмірбеков.


Қазір жаңа туған нәресте балалар үйінде. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Ұл бала өсіп, салмақ қосып жатыр. Енді сәбидің тағдыры мен ол үшін жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алады. Қазіргі уақытта ата-анасы бас тартқан бала мәртебесінде.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России