Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Жамбыл облысында биыл 770 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда

0
Жамбыл облысында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүзеге асырылуда.
2026 жылғы 8 қаңтардағы жағдай бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде 57 434 адам тіркелген. Оның ішінде 31 055 азамат халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады.
Аталған санаттағы тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында облыста әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп, сонымен қатар дайын пәтерлерді сатып алу тетігі де кеңінен қолданылуда.
2025 жылы облыста жалпы көлемі 768,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 157,9 мың шаршы метрі немесе 20,5 пайызы бюджет қаражаты есебінен, ал 79,5 пайызы жеке меншік қаражаты есебінен салынған.
Бюджет есебінен 18,4 млрд теңгеге 2 190 пәтерлі 46 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысымен 1 050 пәтерге арналған 20 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Жеке меншік қаражаты есебінен 1 056 пәтерлі 39 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамту мақсатында 21,5 млрд теңгеге 1 425 пәтер сатып алынды.
2026 жылы өңірде жалпы 770 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жылдың қаңтар-ақпан айларында 82,7 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді.
Кезекте тұрған азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджеттен 20,3 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 2 035 азамат баспанамен қамтылады. Оның ішінде 680-і халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері.
Биыл 15,4 млрд теңгеге 2 941 пәтерлі 66 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 1 685 пәтерге арналған 35 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін 350 тұрғын үйді сатып алу көзделіп отыр.
Бүгінгі күнге дейін 15-ші шағынауданында орналасқан 125 пәтерлі 2 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталды.

Сообщение Жамбыл облысында биыл 770 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России