Республикалық референдум процесі оқыс оқиғасыз, тұрақты түрде өтуде
«Республикалық референдум процесі оқыс оқиғасыз, тұрақты түрде өтуде»
Бұл туралы ҚР Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басқарма бастығы Бекжан Қараманов айтты.
«Құрметті азаматтар! Республикалық референдум процесі оқыс оқиғасыз, тұрақты түрде өтуде. Бүгін Қарағанды облысында бір азамат онлайн-платформада қоғамдық пікірге заңсыз сауал салып, үгіт жүргізген. Ол заңсыз жазбаларын өшіріп, кінәсін мойындады. Сондықтан оған қысқартылған тәртіппен айыппұл салынды.
Прокуратура органдары мағыналас жағдайларға да назар аударып отыр. Атап айтқанда, бюллетеньдердің фотосуреттерін онлайн-платформаларға орналастыру фактілері тіркелуде. Мұндай әрекеттерде құқықбұзушылық расталған жағдайда, заңда белгіленген шаралар қабылданады.
Қазіргі уақытта прокуратура органдары мен соттарға референдумға қатысты өтініштер түскен жоқ. Бас прокуратура және барлық өңірдің прокуратуралары референдум өткізудің заңдылығын қамтамасыз етуді жалғастыруда», – деді ол.
Сообщение Республикалық референдум процесі оқыс оқиғасыз, тұрақты түрде өтуде появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.
