Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Жаңа Конституция бойынша референдум ресми түрде «өтті» деп танылды – комиссия

0

ҚР Референдум жөніндегі орталық комиссиясы республикалық референдумдағы дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. 

16 наурыздағы таңғы сағат 8:00–дегі жағдай бойынша, еліміздің барлық өңірі мен шетелдегі 10 388 референдум учаскесінде дауыстарды санау аяқталды.

— Бүгін таңертең аумақтық референдум комиссиялары дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалардың электронды көшірмелерін ұсынды. Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының комиссияларынан алынған осы деректердің негізінде Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін анықтады, — деді Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Референдумға қатысуға құқығы бар республика азаматтарының жалпы саны 12 млн 982 мың 603 адам. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны — 9 млн 127 мың 197 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 73,12 пайызын құрады.

Осылайша жаңа Конституцияны қабылдау туралы мәселенің оң шешімін жақтап, дауыс берген азаматтар саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқан 7 млн 954 мың 667 адам немесе 87,15 пайыз болды.

Референдумға қойылған мәселені қабылдамаған азаматтар саны — 898 099 адам.

Жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған, яғни жарамды деп танылған, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайтын бюллетеньдер саны — 127 868.

Белгіленген үлгідегі сондай ақ дауыс бергендердің ерік білдіруін айқындау мүмкін емес және жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны — 146 558.

— Республикалық референдум туралы заңнаманың нормаларына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады, — деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Сондай-ақ, республикалық референдумға шығарылған мәселе бойынша шешім егер оны жақтап, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, «қабылданды» деп есептеледі.

Республикалық референдум заңнамасына сәйкес, аумақтық референдум комиссиялары дауыстар саналғаннан кейін әрбір өңір бойынша хаттамалардың түпнұсқаларын Орталық референдум комиссиясына табыстауы қажет.

Республикалық референдумның қорытындылары Орталық референдум комиссиясында белгіленеді. Оның өтетін күні мен уақыты қосымша хабарланады.

Өңірлер бөлінісінде жаңа Конституция жобасын жақтап дауыс бергендер:
1. Абай облысы бойынша – 84,02%
2. Ақмола облысы бойынша – 85,64%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 93,96%
4. Алматы облысы бойынша – 80,41%
5. Атырау облысы бойынша – 78,81%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 81,41%
7. Жамбыл облысы бойынша – 92,73%
8. Жетісу облысы бойынша – 90,15%
9. Қарағанды облысы бойынша – 83,82%
10. Қостанай облысы бойынша – 89,74%
11. Қызылорда облысы бойынша – 89,97%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 93,40%
13. Павлодар облысы бойынша – 94,14%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 83,10%
15. Түркістан облысы бойынша – 92,21%
16. Ұлытау облысы бойынша – 83,73%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 91,51%
18. Астана қаласы бойынша – 86,32%
19. Алматы қаласы бойынша – 71,36%
20. Шымкент қаласы бойынша – 86,88%.

Сообщение Жаңа Конституция бойынша референдум ресми түрде «өтті» деп танылды – комиссия появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России