Қазақстанда доллар айтарлықтай арзандады
Қазақстанда 16 наурыздағы доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметінше, күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 486,20 теңге болып, 4,49 теңгеге төмендеді.
Ал Қазақстан Ұлттық банкі 16 наурызда белгілеген ресми бағам - 491,29 теңге.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы төмендегідей:Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде:
сатып алу – 485,43 теңге;сату – 487,91 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде:
сатып алу – орташа есеппен 484,04 теңге;сату – 491,04 теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
