Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қордайда жұмыссыздар қатары сиреп келеді

0

Жақында Қордай аудандық прокуратурасының үйлестіруімен және жергілікті «Мансап» орталығының бастамасымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған жәрмеңкеге жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтармен қатар, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар да қатысты.

Іс-шара барысында бірқатар кәсіпорындар мен мекеме өкілдері бос жұмыс орындарын ұсынды. Жұмыс берушілер қатарында «Жиһаз-2» және «Korcem» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, Қордай ауданы бойынша шекара қызметі басқармасы, орталық аудандық аурухана мен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы болды. Сонымен қатар білікті мамандар іздеген кәсіпорындар тізімінде Шу аудандық аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы, жеке сот орындаушылары, аудандық пробация қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорны да бар. Бұдан бөлек, «Флагман» сауда үйі, аудандық мәдениет үйі және аудандық жастар ресурстық орталығы да жұмыс іздеушілерге өз ұсыныстарын білдірді.

Жалпы 53 мекеме тарапынан 205 тұрақты бос жұмыс орны ұсынылды. Оның ішінде білім беру саласына – 132, денсаулық сақтау саласына – 9, ал өзге де салаларға 60 маман қажет екені белгілі болды.

– Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілерге өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша толық мағлұмат берілді. Нәтижесінде 22 азамат тікелей жұмысқа орналасу үшін сұхбаттасуға жолдама алды, – дейді аудандық «Мансап» орталығының сектор меңгерушісі Альмира Райымбекова.

Сондай-ақ мамандар тарапынан мемлекеттік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Әсіресе кәсіби біліктілікті арттыруға арналған «Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту», еңбек жолын жаңа бастағандар үшін «Алғашқы жұмыс орны» және жастардың тәжірибе жинақтауына септігін тигізетін «Жастар практикасы» сияқты маңызды бағыттарға баса назар аударды.

Бұған қоса, «Мансап» орталығының мамандары еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударуға ниетті азаматтар үшін ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«АР-АЙ» газеті

Сообщение Қордайда жұмыссыздар қатары сиреп келеді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России