Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА «ТАЗА САЯБАҚ» ШАРАСЫ ӨТТІ

0

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жаңа форматта жалғасуда. 2026 жылғы 17 наурызда облыс орталығы мен аудандарда бірқатар тазалық шаралары ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Тараз қаласы «Денсаулық» саябағында «Таза саябақ» экологиялық акциясы өтті. Шара барысында жастар көшеге тазалық жұмыстарын жүргізді.

«Таза Қазақстан» бастамасы – қоғамды табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыратын маңызды жобалардың бірі. Бұл акция аясында тұрғындар экологиялық жауапкершілікті тереңірек түсініп, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға үлес қосады. Шара халықты ортақ мақсатқа біріктіріп, әрбір азаматты өз ауласы мен тұрғылықты жерінің тазалығына жауапкершілікпен қарауға үндейді. Осындай бастамалар экологиялық сананың дамуына ықпал етіп, болашақ ұрпаққа таза әрі қолайлы орта қалдыруға мүмкіндік береді. Биыл да жастар бұл акцияға белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлестерін қосып келеді», – деді облыстық жастар ресурстық орталығы  директорының орынбасары                    М. Мырзатай.

Экологиялық бастамалар облыстың аудандарында да белсенді қолдау тапты. Жуалы, Сарысу аудандарында «Таза саябақ» акциясы аясында ауданның орталық саябақтарына тазарту жұмыстары жүргізілді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай форматтар жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық сауатты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған.

Жамбыл облысында тұрғындардың тазалық жөнінде жергілікті атқарушы органдарға «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі арқылы телеграмм-ботпен өтінім беруге мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері платформа арқылы 208 өтінім  түскен.

2030 жылға дейінгі «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың өңірлік жоспары аясында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, энергия мен суды үнемді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және жасыл желектерді отырғызу бағытында 47 маңызды іс-шара жоспарланса, 2026 жылы 36 іс-шара іске асырылады.

Сообщение ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА «ТАЗА САЯБАҚ» ШАРАСЫ ӨТТІ появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России