Қазақтың балалары математика пәнінен өте алғыр келеді - А. Жұмаділдаев
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда математика, физика және информатика пәндері бойынша жоғары сыныптар арасында ХII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті. Бес күнге созылған білім додасында қазақстандық оқушылар 191 медальдің - 48-ін қанжығаларына байлады. Олардың үшеуі - алтын, он үші - күміс және отыз екісі - қола медаль.