Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Май
2026

Астанада жағалаудан 20 жастағы қыз өлі табылды: марқұмның әкесі мәлімдеме жасады

0

Сәуірде Астанадағы Есіл өзенінің жағалауынан 20 жастағы Айсәуле Қанаханың денесі табылды. Әкесі әлеуметтік желіде үндеу жариялап, қызының өліміне интернет-алаяқтардың қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді, сондай-ақ құқық қорғау органдарын тергеуді тиісінше жүргізбеді деп айыптады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Айсәуленің әкесі Саябек Қанаха Facebook-те жазба жариялап, қызының қазасын тергеу кезінде болуы мүмкін заңбұзушылықтар туралы айтты және жан-жақты тексеру жүргізуді талап етті.
Ер адамның айтуынша, қызының денесі 2026 жылдың 1 сәуірінде Астанадағы Есіл өзені жағалауынан табылған.
Жарияланымда айтылғандай, қайғылы оқиғадан аз уақыт бұрын ол интернет-алаяқтар болуы мүмкін адамдар тарапынан психологиялық қысымға ұшыраған. Әкесінің айтуынша, Айсәуле белгісіз адамдардың нұсқауымен әрекет етіп, олардың ықпалымен 1,1 миллион теңгеден астам қаражат аударған.

"Айсәуле өлімінен бұрын бірнеше күн бойы халықаралық алаяқтар тарапынан қатаң психологиялық қысымға ұшырады. Киберқылмыскерлердің әрекеті мен қызымның қазасы арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс бар", - деді әкесі.

Сондай-ақ жазбада өлімнің мән-жайы күмән тудыратыны айтылған. Атап айтқанда, әкесі істің бастапқыда "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша саралануымен келіспейтінін білдірді және отбасының пікірінше, жекелеген тергеу амалдары уақтылы жүргізілмегенін немесе аяқсыз қалғанын көрсетті.
Полиция не деп жауап берді?
Астана полиция департаменті қызды өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатқанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, жедел-тергеу тобы дене табылған бойда оқиға орнына шыққан.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, оның аясында қажетті тергеу амалдары кешені жүргізіліп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.

Полиция департаменті марқұм пайдаланған таксидің жүргізушісі анықталып, одан жауап алынғанын, бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып, зерделеніп жатқанын, оның жүру бағыты зерттеліп, ұялы телефонына қажетті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ қызға қоңырау шалынған телефон нөмірлерінің иелері анықталды. Интернет-алаяқтыққа қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

"Әлеуметтік желілерде тараған полицияның әрекетсіздігі және қажетті тергеу шараларының жүргізілмегені туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Барлық қажетті процестік және жедел шаралар толық көлемде қабылданып жатыр", - деп сендірді департамент өкілдері.

Ведомство қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы туралы түпкілікті қорытынды тек тергеу нәтижесі бойынша жасалатынын атап өтті.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России