Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

“Күресті жалғастырыңдар“: аңызға айналған аргентиналық құрамамен әсерлі қоштасты

0
"Ривер Плейт" қорғаушысы әрі Аргентина құрамасының ойыншысы Николас Отаменди ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport ойыншының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Кейінші Әлем чемпионатында құраманың 8 матчінің 7-еуінде, соның ішінде финалда алаңға шыққан 38 жастағы футболшы командадағы уақыты аяқталғанын айтты.

"Бала кезімде Аргентина құрамасының жейдесін киюді армандадым, бұл футбол маған берген ең үлкен мәртебе болды. Мен оны миллиондаған аргентиналық үшін не білдіретінін сезіне отырып, мақтанышпен және жауапкершілікпен, жан-тәніммен қорғадым.Тағдырдың жазуымен соңғы матчім Әлем чемпионатының финалы болды. Бұл біз қалаған нәтиже емес еді, бірақ мен бұл ұжымның соңғы секундқа дейін тырысқанын біліп, басымды тік ұстап кетемін", - деді ол.

Аргентиналық өз мәлімдемесінде жанкүйерлердің қолдауы мен отбасының қамқорлығы үшін алғыс білдіріп, болашақта команда намысын қорғайтындардың барлығына ақжол тіледі.

"Осы жейдені әлі де киіп жүргендерге шын жүректен айтқым келетіні: сенуді ешқашан тоқтатпаңдар. Еңсеру мүмкін еместей көрінетін ауыр сәттер болады, бірақ бұл жейде оны қарапайымдылықпен, жанқиярлықпен және сүйіспеншілікпен қорғайтындарды әрдайым марапаттайды.Бастарыңызды тік ұстап, күресті жалғастырыңдар және жеңілістің арманнан айыруына жол бермеңдер. Тарихымыздың келесі тарауы сендерге арналатынына сенімдімін. Бүгін мен Аргентина құрамасымен қоштасамын, бірақ өз елімнің намысын қорғағанымды зор мақтаныш тұтамын", – деп атап өтті Отаменди.

Отаменди - Әлем чемпионы және Аргентина аңызы
Еске салсақ, 38 жастағы Отаменди ұлттық құрама сапында алғаш рет 2009 жылғы 20 мамырда өнер көрсеткен. Содан бері ол құрама жейдесінде 139 матч өткізіп, бұл көрсеткіш бойынша үздік бестікке енді.
Оның еншісінде Әлем чемпионатындағы жеңіс пен екі Америка кубогі, сондай-ақ "Манчестер Ситимен" бірге Англияның үш дүркін чемпиондығы және "Портумен" Еуропа лигасындағы жеңіс бар.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Twitter-дегі ресми жарияланым: @Notamendi30 (@nicolasotamendi30)


Аргентина ӘЧ-2026 драмалық финалында Испанияға есе жіберді
Аргентина құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатында өз тобында жеңіске жетіп, кейін плей-офф кезеңінде Кабо-Верде, Мысыр, Швейцария және Англия командаларын жеңді.
Испандарға қарсы финалда олар қарсыластарын қосымша уақытқа дейін жеткізген алғашқы команда болды, бірақ онда Ферран Торрес жалғыз гол соғып, аргентиналықтарды күміс жүлдемен қалдырды.

Лионель Месси мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады - инсайдер
Секундына 29 миллион: Аргентинаның ӘЧ-дегі атышулы матчі рекордты жаңартты
Аргентина ӘЧ-2026 кезіндегі жала жабулар бойынша ауқымды талап арыз бермек






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России