Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Алматыдағы аңызға айналған “Үш батыр“ тұрғын үй кешені жеті жылдан бері жаңартуды күтіп тұр: қазіргі жағдай қандай?

0

Алматылықтар аты аңызға айналған "Үш батыр" тұрғын үй кешеніне уәде етілген жаңғырту жұмыстарын күтіп жүргеніне жеті жыл болды. Tengrinews.kz нысандағы қазіргі жағдайды анықтап көрді.
2019 жылғы конкурс
"Үш батыр" ТҮК - Алматыдағы алғашқы зәулім кешендердің бірі, ол 1971 жылы салынған.
Анықтама. KAZGOR жобалау академиясы мәліметінше, тұрғын үй кешені сәулетшілер А. Петрова, Г. Жақыпова және Н. Чистоклетованың жобасы бойынша бой көтерген. Жоба конструкторы - Н. Л. Матвиец.
ТҮК-нің архив суреттерін KAZGOR ұсынды
Екі қабатты стилобатпен біріктірілген 12 қабатты үш мұнара жылдар өте келе Достық даңғылының сәулеттік нышандарының біріне айналды.
2019 жылдың өзінде Алматы әкімдігі қасбетті жаңартудың үздік эскизіне конкурс өткізіп, онда сол кезде 25 жаста болған алматылық Ерлан Мұратбек жеңімпаз атанған болатын.
Жобада кондиционерлерге арналған қорғаныс экрандары, ашық балкондар және оларды қылқан жапырақты өсімдіктермен көгалдандыру қарастырылған еді.
"Үш батыр" ТҮК қасбетінің 2019 жылғы эскизі / Фото: Шоқан Алхабаев
"Үш батыр" ТҮК қасбетінің 2019 жылғы эскизі / Фото: Шоқан Алхабаев
Алайда жобаны іске асыруды бір жылға тоқтатып қойды. Жеңімпаз эскиздің авторы Ерлан Мұратбек бізге берген сұхбатында бұған алдымен пандемия, кейін үй тұрғындарының 100 пайыз келісім қолтаңбасын жинау талабы кедергі болғанын айтты.
2026 жылдың ақпанында Tengrinews.kz тілшілері әкімдіктің 2019 жылғы жобадан біржола бас тартқанын анықтады, ал концепция авторының өзі идеясының өзектілігін жоғалтқанын мойындады.
Аңызға айналған ТҮК-нің тағдыры не болмақ?
Tengrinews.kz редакциясы жобаның қазіргі жай-күйін білу үшін әкімдікке қайта сауал жолдады.
Медеу ауданы әкімінің аппараты Ерлан Мұратбектің тұжырымдамасы іске асырылмайтынын, бірақ ол талдау барысында негізге алынғанын хабарлады. Қазіргі уақытта сәулетшілер жаңа жоба дайындап жатыр.

"2019 жылғы тұжырымдама егжей-тегжейлі зерттеліп, жоба алдындағы талдау кезінде назарға алынды. Дегенмен, конкурс өткеннен бергі уақытты, жаңа материалдардың шығуын және сәулеттік үрдістердің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта заманауи әрі технологиялық жоба әзірленіп жатыр. Мақсат - кешен тұрғындарының пайдалану қажеттіліктеріне де, қаланың қазіргі сәулеттік келбетіне де барынша сай келетін шешім ұсыну", - деп хабарлады аудандық әкімдік.

Ведомство өкілдері қасбетті жаңартудың жаңа эскиздік жобасы әзірленіп жатқанын қосып өтті. Рендерлер осы кезең аяқталған бойда жарияланады деп уәде етілді.
"Үш батыр" ТҮК қасбетінің 2019 жылғы эскизі / Фото: Шоқан Алхабаев
Ғимараттың сейсмикалық төзімділігі туралы не белгілі?
Тұрғындарды ғимараттың сейсмикалық төзімділігі, сондай-ақ салынғанына жарты ғасыр өткеннен кейінгі техникалық жағдайы да мазалайды. Әкімдіктегілер тұрғын үй кешеніне техникалық тексеру әлі жүргізілмегенін айтты. Оны эскиздік жоба бекітілгеннен кейін орындау жоспарланған.
Әкімдік бұл кезектіліктің техникалық тексеру кезінде жаңа сәулеттік және технологиялық шешімдерді егжей-тегжейлі ескеру, болжамды жүктемелерді есептеу және нысандағы тұжырымдаманы іске асыру мүмкіндігін дұрыс бағалау үшін қажет екенін түсіндірді.
Эскиз келісіліп, тексерушілердің қорытындысы алынғаннан кейін ғана мамандар жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеуге кіріседі.
Жөндеу қашан басталады және оны кім қаржыландырады?
Аудандық әкімдік құрылыс жұмыстарының басталу және аяқталу мерзімін әзірге нақты айта алмайды.

"Нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары әлі басталған жоқ. Жаңғырту жұмыстарын бастау мен аяқтаудың шамаланған мерзімдері барлық алдыңғы нормативтік кезең: эскиздік жобаны келісу, ғимаратты техникалық тексеруден өткізу, сондай-ақ ЖСҚ-ны әзірлеу және сараптамадан өткізу толық аяқталғаннан кейін ғана белгіленіп, бекітіледі", - деді ведомстводағылар.

Әзірге әкімдік жаңғырту жұмыстарының қандай қаражат есебінен қаржыландырылатынын шешкен жоқ. Бұл мәселе жобаның түпкілікті сметалық құны бекітілгеннен кейін қарастырылады.
Ғимаратты алдыңғы тексеру нәтижесі нені көрсетті?
Tengrinews.kz тілшілері ақпанда нысанға барғанда, үш мұнараның қасбеті жылдар бойы едәуір тозғаны байқалған. Кей жерлерде бояуы қабыршақтанып, қабырғаларда сыз тартқан іздер мен граффитилер пайда болған.
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Тұрғын үй кешенінде балкондардың бірыңғай безендірілуі жоқ: кейбір пәтерлерде олар пластик рамалармен, басқаларында ағашпен қапталған, ал кейбір балкондар ашық күйінде қалған.
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Кіреберіс баспалдақтары мен жалпы төменгі платформада тозу белгілері байқалады.
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Осылайша, қазіргі уақытта қайта жаңарту жобасы дайындық сатысында тұр. Эскиздік жоба бекітілген соң мамандар ғимаратқа техникалық тексеру жүргізеді, бұл жұмыстың алдағы кезеңдерін айқындауға мүмкіндік береді. Әкімдік қайта жаңартудың нақты мерзімін әзірге жариялаған жоқ. Редакция танымал тұрғын үй кешенінің жай-күйін бақылауды жалғастырады.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России