Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Алтын үшін өзен арнасын өзгерткен: Қазақстанда заңсыз кен орны табылды

0

Шығыс Қазақстан облысында алтынды заңсыз өндірумен айналысқан топтың жолы кесілді. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қаскөйлер бағалы металды өндіру үшін өзен арнасын өзгертіп, қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтірген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҚМА ақпараты бойынша, заңсыз кен орны Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ ауылының маңында орналасқан. Операцияны Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚМА департаментінің қызметкерлері ҰҚКД және мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп жүргізді.

"Құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру және өңдеу жұмыстарының салдарынан қоршаған ортаға елеулі зиян келтірілді: топырақтың құнарлы қабаты жойылып, деградацияға ұшыраған, жердің табиғи бедері бұзылған, сондай-ақ өзен арнасы өзгертілген", - деп хабарлады ҚМА.

Тергеу мәліметтері бойынша, жұмыстар ауыр техника мен өндірістік кешендерді қолдана отырып, шамамен 30 гектар алқапта жүргізілген. Заңсыз әрекетке 30-дан астам жұмысшы, соның ішінде ҚХР азаматтары тартылған.
Тінту барысында алты 40 тонналық ауыр жүк көлігі, төрт шынжыр табанды экскаватор, алдыңғы тиегіш, сондай-ақ алтын кенін өндіруге және жууға арналған екі өндірістік кешен тәркіленді.
Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚМА Ақмола облысында алтын өңдейтін жасырын цехтың анықталғаны туралы хабарлаған болатын. Ведомство мәліметінше, бір топ адам Шортанды ауданында бағалы металдарды заңсыз өндіруді ұйымдастырып, онда алтын кенін өңдеу және бағалы металдарды алу үшін цех жабдықтаған.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России